English Русский Қазақша
uploader

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері

Құрметті қызметкерлер мен серіктестер, контрагенттер Сіздерді «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-нің (бұдан әрі - Серіктестік) ресми сайтындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бөліміне қош келдіңіздер.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті

Көрсетілген талаптарды іске асыру үшін Серіктестікте - квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, шектеу және жою, мінез-құлықтың жоғары стандарттарын ұстануды, іскерлік беделді нығайтуды және Серіктестікке деген сенімді арттыруды сипаттайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі шаралар жүйесі әзірленіп, енгізілу үстінде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қабылдануымен Серіктестіктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік қағидатын ұстанатынын мәлімдеді және «ЖЭК бойынша ҚЕАО» ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатында белгіленген шектеулер мен талаптарды сақтау туралы растаулар мен міндеттемелерге қол қойды.

Серіктестік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына сәйкес  клиенттермен және контрагенттермен іскерлік қатынастар орнату кезінде лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қызметке тартылу тәуекелін барынша азайту үшін барлық ықтимал күш-жігерін жұмсайды.

Осы мақсаттар үшін Серіктестікте келесі құралдар қолданады:

  • белгіленген тәртіпке сәйкес әлеуетті контрагенттердің, олардың акционерлерінің және бенефициарлық иелерінің сенімділігі мен іскерлік беделін кешенді тексеру;
  • серіктестік іскерлік/еңбек қатынастарын бастау немесе жалғастыру туралы шешім қабылдау алдында үшінші тұлғалар мен жұмысқа орналасуға үміткерлерді олардың сенімділігі, сыбайлас жемқорлықты қабылдамау және мүдделер қақтығысының болмауы тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады;
  • Серіктестіктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне контрагенттерден кез келген қызмет көрсету немесе алу үшін сыйақылар, төлемдер, сыйлықтар және өзге де материалдық және материалдық емес игіліктер қабылдауына, сонымен қатар Серіктестіктің атынан контрагенттерге және оның қызметкерлеріне сыйлықтар ұсынуға тыйым салынады;
  • Үлестес тұлғаларды есепке алу.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында Серіктестік сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзге де шараларды қабылдай отырып, Серіктестіктің ішкі құжаттарында және ұйымдастыру-басқару қызметін атқару барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерді талдау мониторингін жүргізу жолымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға ұмтылады.

Қазақстан Республикасы заңнамасының және ішкі саясаттың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ережелердің, рәсімдердің сақталуын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыру мониторингі мақсатында Серіктестікте атқарушы органға тәуелді емес және Серіктестіктің Бақылау кеңесіне есеп беретін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі құрылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс- қызметінің негізгі мақсаты Серіктестік пен оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын бақылау болып табылады.

Осы бөлімнің беттерінде Сіз Серіктестіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдары туралы басқа да ішкі нормативтік құжаттарымен,  сондай-ақ Серіктестіктің   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау жөніндегі қызметімен таныса аласыз.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

комплаенс-қызметі

«ЖЭК бойынша ҚЕАО» ЖШС

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құжаттар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Егер сіз сыбайлас жемқорлық көріністерімен бетпе-бет келсеңіз