Келісім шарттар жасау
«ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС-і қаржы-есеп-айырысу орталығы электр энергиясын, аукциондық бағалар бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан сатып алу Үлгілік шартын (бұдан әрі – сатып алу шарты), тек қана аукциондық сауда-саттықтардың жеңімпаздарымен жасасады.
Бұл ретте аукциондық сауда-саттықтардың жеңімпазы қаржы-есеп-айырысу орталығымен сатып алу шартын жасасу үшін ЖЭК пайдаланатын, энергия өндіруші ұйымдардың тізіміне қосылған соң, күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде өтінімді береді.
Сатып алу туралы шартын жасасу үшін аукциондық сауда-саттықтардың жеңімпазына келесілер қажет:
- «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС-не қоса берілген нысанға-өтінімге сәйкес, сатып алу шартын жасасу ниеті туралы белгіленген нысанның жазбаша түрінде өтінімін жолдау;
- Құрылтайшы құжаттардың көшірмелерін ұсыну:
- Жарғы;
- Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік;
- Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік.
- Сатып алу шартына қол қоятын тұлғаның өкілеттігін растайтын құжатты ұсыну:
- Басшы лауазымына тағайындау туралы шешім;
- Шартқа қол қою құқығы бар тұлғаның бұйрығы (сенімхаты).
- Электр энергиясын әрбір жылға 15 жылдық сатып алу шартының әрекет етуін айлық бөлумен белгіленген нысан бойынша жеткізудің жоспарланған көлемдері туралы ақпаратын;
- Өткен аукциондық сауда-саттықтардың қорытындылары туралы жазбаша хабарламасының көшірмесін.
Аукциондық сауда-саттықтардың жеңімпаздары сатып алу туралы шартын жасасқан соң, шартқа қол қойған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде банктік кепілдігі немесе резервтік аккредитиві түрінде шарттың орындалуы қаржылық қамтамасыз етуін төлеуі міндетті. Шарттың қаржылық қамтамасыз етуін ұсыну тәртібі туралы біздің сайтымыздың тиісті бөлімінен толығырақ танысуға болады.