Компания туралы
«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС құру және дамыту Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздері (бұдан әрі - ЖЭК) секторын дамыту бойынша қабылданған курсына байланысты.
ЖЭК секторын дамыту үшін жағдайлар жасау мақсатында, ЖЭК объектілері өндіретін, электр энергиясын бірыңғай сатып алушы – қаржы-есеп айырысу орталығы орталықтандырылған сатып алуына негізделген, мемлекеттік қолдау механизмі қабылданды.
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі № 165-IV Заңына сәйкес, осы механизмін Жүйелік оператор («KEGOC» АҚ) іске асыру үшін «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС құрылды.
«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-і Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1281 қаулысымен жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы болып анықталды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулары енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі № 128-V Заңына сәйкес, «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-і жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілеріне жеткізілетін объектілер өндіретін электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуын және сатуын жүзеге асырады.
жыл нарықтағы табысты жұмыс
жаңа ЖЭК нысандары пайдалануға берілді
миллион АҚШ доллары ЖЭК секторына тартылған
ЖЭК объектілерге төленген міндеттемелер
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі №357 бұйрығына сәйкес, «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-і электр қуатының дайындығын қолдау бойынша қызметін орталықтандырылған сатып алуын және электр қуатының жүктемені көтеру үшін дайындығын қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсетуін жүзеге асыратын бірыңғай сатып алушы болып анықталды.