English Русский Қазақша
uploader

Инвестициялық преференциялар

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіна сәйкес инвестор ала алады:

1. Жобаларға (оның ішінде басым инвестициялық жобаларға) арналған артықшылықтар:

  • жабдықтарды, олардың қосалқы бөлшектерін, шикізат пен материалдарды шеттен тасымалдау кезінде кедендік баж салығын төлеуден босату;
  • белгіленген активтерге салынған инвестиция көлемінің 30 пайызынан аспайтын заттай гранттар (жер телімдері, ғимараттар, құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, есептегіш техника, өлшейтін және реттейтін аспаптар мен құрылғылар, көлік құралдары, өндіріс және шаруашылық мүкәммалы).

2. Басым инвестициялық жобаларға арналған артықшылықтар*:

  • салықтық жеңілдіктер: корпоративтік табыс салығы – 0% 10 жылға; жер салығы – 0% 10 жылға; мүлік салығы – 0% 8 жылға;
  • инвестициялық демеу қаржылар 30%-ға дейін құрылыс-монтаж жұмыстарына және жабдықтарды пайдалануға бергеннен кейін сатып алуға;
  • заңнама тұрақтылығының кепілдіктері: салықтық және шетелдік жұмыс күшін тарту саласында;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған, инвесторлармен «бір терезе» қағидаты бойынша өзара іс-әрекет жасайтын уәкілетті органның инвестицияларды мемлекеттік қолдауы;
  • уәкілетті орган мен инвестор арасында жасалған инвестициялық келісімшартқа сәйкес мүдделі заңды тұлғалар тарапынан кепілдік берілген тапсырысты қамтамасыз етуде инвесторларға уәкілетті органның жәрдемдесуі.

* Басым инвестициялық жобалардың критерийлері:

  • Қызметтің басым түрлері тізбесіне сәйкестігі
  • Инвестиция көлемі 2 миллионнан асатын қайта құрылған заңды тұлға. АЕК (АЕК – республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген айлық есептік көрсеткіш)

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексімен сондай-ақ Инвестициялық омбудсмен институты көзделген, ол:

  • Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер жөніндегі инвесторлардың өтініштерін қарайды және оларды шешу үшін ұсыным шығарады, оның ішінде мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасай отырып;
  • туындаған мәселелерді соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен шешуде инвесторларға жәрдем көрсетеді;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметіне Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлейді және шығарады.

Инвестициялық артықшылықтарды беруге қатысты барлық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Инвестиция және Даму министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетіне өтініш жасауға болады.