English Русский Қазақша
uploader

ЖЭК ЖОБАЛАРЫН ТАҢДАП АЛУ

ЖЭК секторындағы технологиялардың қарқынды дамуы, ЖЭК салғысы келетін инвесторлар санының артуымен, неғұрлым тиімді жобаларды, ең озық технологиялық шешімдермен және ең аз күрделі шығындармен жобалардың әділ және бәсекеге қабілетті іріктеп алуын қамтамасыз етуге қабілетті механизмін енгізуді талап етеді.

Бүгінгі күні осы талаптарға жауап беретін әлемдік үрдіс – бұл ЖЭК жобаларын таңдап алуға бағытталған, аукциондық сауда-саттықтардың механизмі.

Осы әлемдік үрдісін ескере отырып, қазіргі уақытта Қазақстандағы ЖЭК жобаларын таңдап алу бойынша аукциондық сауда-саттықтардың механизмі енгізілді. Осы механизм бастапқы сатысында Қазақстан Республикасындағы ЖЭК секторын іске қосуға мүмкіндік беретін, 2018 жылға дейін қолданыста болған, тіркелген тарифтерді ауыстыруына әкеледі. 

ЖЭК жобаларын таңдап алу мақсатында қолданыстағы ЖЭК секторын қолдау саласындағы заңнамасына өзгерістер енгізілді және Аукциондық сауда-саттықтарды ұйымдастыру және өткізу қағидалары әзірленді.
Аукциондық сауда-саттықтар ҚР-ның Энергетика министрлігімен бекітілген, аукциондық сауда-саттықтарды өткізу кестесі негізінде өткізілді.

ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ ЖОБАЛАРЫН ІРІКТЕУ (ҚЭКЖ) 

Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы 2020 жылдың 7-желтоқсанында «Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электроэнергетика мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды (бұдан әрі қарай – Заң). Жаңа Заңда қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды қолдау механизмін реттеу бойынша нормалар қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылдың 21-желтоқсанындағы №466 бұйрығымен бекітілген Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына (бұдан әрі қарай – Қағидалар) енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, 2021 жылы Қазақстанда алғаш рет қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату (бұдан әрі қарай – ҚЭКЖ) бойынша жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми сайтында жарияланған ҚЭКЖ іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу Кестесіне сәйкес, сатып алынатын қуаттылықтың жалпы көлемі 100,8 МВт. Шекті аукцион бағасының мөлшері 191,9 теңге/кВтч. Аукциондық сауда-саттықты өткізу уақыты 2021 жылдың 15-шілдесі.

ҚЭКЖ жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін инвесторларға жоғарыда көрсетілген Қағидаларды басшылыққа алу қажет.

Кепілдендірілген орталықтандырылған сатып алу механизмі арқылы Қазақстанның ЖЭК объектісін салу жобасын іске асыру үшін әлеуетті инвесторға келесілер қажет:

selection1.png

1. Аукциондық сауда-саттықтардың кестесін зерттеу және қандай жобаны іске асыру үшін қолайлы екендігін анықтау   

selection2.png

2. Аукциондық сауда-саттықтардың ұйымдастырушысы сайтына жүгіну, сауда-саттық жүйесінде онлайн-тіркелуден өту

selection3.png

3. Шартты аукциондық сауда-саттықтардың ұйымдастырушысымен жасасу

selection4.png

4. Аукциондық сауда-саттықты өткізу күніне дейін екі жұмыс күннен кешіктірмей, аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін қаржылық қамтамасыз етуін «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС-нің атына ұсыну  

selection5.png

5. Аукциондық сауда-саттықтарды өткізу кестесіне сәйкес, аукциондық сауда-саттықтарға қатысуын қабылдау

selection6.png

6. Аукциондық сауда-саттықтардың жеңімпазы болу

selection7.png

7. Сатып алу шартын жасасу үшін аукциондық сауда-саттықтардың жеңімпаздарын ЖЭК тізбесіне қосқан соң (ЖЭК үшін) немесе аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары реестріне (ҚЭКЖ үшін) қосқан соң 60 күн ішінде «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС-не жүгіну  

selection8.png

8. Сатып алу шартын жасасқан соң шарттың талаптарын орындау қаржылық қамтамасыз етуін енгізу