English Русский Қазақша
uploader

Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы есеп-айырысу орталығы ISO 37001:2016 халықаралық стандартына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін енгізуді қолға алды.

Жаңалықтар

2023 жылғы 27-29 қыркүйек аралығында ағымдағы жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі  Жоспар шеңберінде Стандарттау және сертификаттау ғылыми-техникалық орталығы Серіктестік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында оларға  «ISO 37001:2016 халықаралық стандартына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында қызметкерлер халықаралық стандарттың талаптарымен танысып, өз ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу бойынша тәжірибелік кейстерге ие болды.

Қызметкерлер практикалық мысалдар арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сәйкестендіріп талдады, тәуекелдерді нивелирлеу және Серіктестіктің қызметін жақсарту үшін қажет болатын аудитті жүргізуге дайындық және түзету іс-әрекеттері бойынша ұсынымдармен танысты.

Жариялау күні: September 29, 2023