2019 жылғы 18 қыркүйектегі 10 МВт жиынтық белгіленген қуаты бар БиоЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға үш компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 3 өтінім берді, жобалардың жекеленген қуаты 2,4 МВт-тан 4 құрады. Өтінімдердің жалпы көлемі 10,4 МВт құрады. 2019 жылы БиоЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде шекті аукциондық баға 32,15 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.
Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 32,13 – 32,15 тг/кВтс құрады.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мынадай компаниялар жеңімпаз болып анықталды.
- «Waste Energy Kazakhstan» ЖШС белгіленген қуаты 4 МВт, аукциондық баға 32,13 теңге/кВт*с (ҚҚС-сыз). Жоба Алматы облысы Іле ауданы Қараой ауылының маңында орналастыру жоспарлануда;
- «ZOR-Biogas» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 2,4 МВт, аукциондық баға 32,14 теңге/кВт*с (ҚҚС-сыз). Жоба Алматы облысы Іле ауданы Қараой ауылдық округінің маңында орналастыру жоспарлануда;
- «ГорКомТранс города Караганды» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 4 МВт, аукциондық баға 32,15 теңге/кВт*с (ҚҚС-сыз). Жоба Қарағанды облысының Қазыбек би ауданында орналастыру жоспарлануда.
Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Заңды тұлғалар бірлестігі «Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығы», Заңды тұлғалар бірлестігі «KAZENERGY», Қалдықтарды басқару жөніндегі Қазақстан қауымдастығы «KazWaste». Бақылаушылар аукциондық сауда-саттықты бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізуді атап өтті және аукционның ұйымдастырушысы - «КОРЭМ» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының айқындылығы расталды.
Келесі аукцион 19.09.2019 ж. ЖЭС түрі бойынша 20 МВт болып белгіленді.
Анықтама ретiнде:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 19.03.2019 ж. №97 бұйрығымен бекітілген аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес 2019 жылға электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, белгіленген қуаты 255 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда:
- күн электр станциялары – 80 МВт;
- жел электр станциялары - 100 МВт;
- гидроэлектр станциялары – 65 МВт;
- биоэлектр станциялары – 10 МВт.
Аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы «КОРЭМ» АҚ болып анықталды.