2019 жылғы 24 қыркүйектегі 30 МВт жиынтық белгіленген қуаты бар КЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 10 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 60 баға ұсыныс берді, жобалардың жекеленген қуаты 10,1 МВт-тан бастап 28 МВт-қа дейін құрады. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 172,6 МВт құрады. 2019 жылы КЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде шекті аукциондық баға 29 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.
Сауда сессияның өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға ауқымы 9,9 28,87 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мынадай компаниялар жеңімпаз болып анықталды:
- «Солнечная система» ЖШС (Ресей) жобасының белгіленген қуаты 10,5 МВт, аукциондық баға 9,9 теңге/кВт*с (ҚҚС-сыз). Жоба Қызылорда облысы Арал ауданының жанында орналастыру жоспарлануда; Өткізілген аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары бойынша «КОРЭМ» АҚ жеңімпазбен байланысып, телефон арқылы келіссөздер барысында «Солнечная система» ЖШС сауда операторы сауда жүйесіне қате баға ұсынысын бергені анықталды, осының негізінде жеңімпаздың бағасы бойынша жобаны одан әрі іске асыруы күмәнданады;
- «КазСолар 50» ЖШС (Германия) жобасының белгіленген қуаты 26 МВт, аукциондық баға 16,97 теңге/кВт*с (ҚҚС-сыз). Жоба Қарағанды облысы Шет ауданының жанында орналастыру жоспарлануда.
Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «KazEnergy» ЗТБ, «Қазақстандық күн энергетикасы қауымдастығы» ЗТБ, БҰҰДБ, USAID, «ЖЭК бойынша қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС және GrossBoundary өкілдері бақылаушылар ретінде қатысты. Бақылаушылар аукциондық сауда-саттықты бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізуді атап өтті және аукционның ұйымдастырушысы – «КОРЭМ» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының айқындылығы расталды.
Келесі аукцион 25.09.2019 ж. ГЭС түрі бойынша 50 МВт болып белгіленді.
Анықтама ретiнде:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 19.03.2019 ж. №97 бұйрығымен бекітілген аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес 2019 жылға электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, белгіленген қуаты 255 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда:
- күн электр станциялары – 80 МВт;
- жел электр станциялары - 100 МВт;
- гидроэлектр станциялары – 65 МВт;
- БиоЭС - 10 МВт.
Аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы «КОРЭМ» АҚ болып анықталды.