English Русский Қазақша
uploader

Жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша тәжірибелерімен бөлісу

Жаңалықтар

Меншікті ақпарат

Отандық сарапшылар 17-19 сәуірде Астанада Непал Федеративтік Демократиялық Республикасының делегациясымен жаңартылатын энергия көздерін дамыту, инвесторларды тарту тетіктері және жаңартылатын энергия секторында жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

  Семинарды АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) Орталық Азияның энергетикасы және Урджа Непал жобалары аясында тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырды. Екі елдің Энергетика министрліктері мен энергетика саласындағы негізгі компаниялардың өкілдері ЖЭК дамытудың ерекшеліктері мен тәсілдері туралы айтты.

Бірыңғай ЖЭК электр энергиясын сатып алушының қызметі, нарықтағы өзара әрекеттесу механизмі, аукциондық бағаларды төмендету және оларды индекстеу, ЖЭК-те жүзеге асырылған жобалар туралы «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-нің болжау және даму департаментінің бас менеджері Замира Ахметова айтты.

Жариялау күні: April 19, 2023