English Русский Қазақша
uploader

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат

Жаңалықтар
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға міндетті.
 
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелер айқындалады, олардың негізгі міндеті тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.
 
Аталған талаптарды іске асыру үшін квазимемлекеттік сектордың субъектісі болып табылатын "ЖЭК бойынша ЕАО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде (бұдан әрі – Серіктестік) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет құрылды және Комплаенс-офицер тағайындалды.
 
Байқау кеңесінің шешімімен серіктестіктің 2022 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары және оны іске асыру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша белгіленген талаптарды мүлтіксіз сақтауға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл, мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шаралар кешенін қабылдауға бағытталған саясаттар, стандарттар, қағидалар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік шаралары (Корпоративтік құжаттар) бекітілді.
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нормативтік құжаттардың күші атқаратын лауазымының деңгейіне және атқаратын функцияларына қарамастан барлық лауазымды адамдар мен қызметкерлерге қолданылады.
 
Серіктестіктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері:
 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер;
бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау туралы міндеттемелер;
жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау жөніндегі серіктестіктің қағидаттары мен құндылықтары қабылданды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында серіктестікте өз қызметкерлері үшін үнемі түсіндіру және оқыту іс-шаралары жүргізілетін болады, сондай-ақ қызмет сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және оларға жол бермеу жөніндегі шаралар кешенін қабылдауға бағытталатын болады, бұл әрқашан біздің басым міндетіміз болып табылады.
 
Серіктестік осы веб-сайттың беттерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде өз қызметін жариялауды жалғастырады.
Жариялау күні: November 14, 2022