English Русский Қазақша
uploader

1 шілдеден бастап Қазақстанда электр энергиясын бірыңғай сатып алушының моделі іске қосылады

Жаңалықтар

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мәлімдеді.

Электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату моделін енгізу елдің энергиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дереу реттеуді талап ететін және электр энергетикасы саласын реформалау көзделген бірқатар ағымдағы мәселелерді шешуге бағытталған.

Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы саладағы қалыптасқан жағдайды, атап айтқанда жүйедегі жоспарлы теңгерімсіздіктерді, электр энергиясының болжамды тапшылығын, энергия өндіруші ұйымдардың әртүрлі тарифтеріне байланысты бәсекелестіктің тең емес жағдайларын және генерациялаудың жаңа көздерін, оның ішінде ЖЭК салу жөніндегі жоспарларды ескере отырып енгізіледі.

Бірыңғай сатып алушының ұсынылған моделі – электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сатуға мүмкіндік береді деп күтілуде:

- электр энергиясын сатып алу және сату кезінде алыпсатарлық операцияларды болдырмау;

- өнімсіз делдалдарды қысқарту;

- электр станцияларының техникалық мүмкіндіктері негізінде тәуліктік графиктерді қалыптастырудан тұтынушылардың нақты графиктеріне кету есебінен шектес энергия жүйелерімен шекарадағы электр энергиясы ағындарының мемлекетаралық сальдосының ауытқуын барынша азайту;

- жаңадан іске қосылатын генерациялау көздерінің жоғары тарифтерін және тапшылық кезінде импорттық электр энергиясының бағаларын, жұмыс істеп тұрған станциялардың ағымдағы тарифтерін теңестіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ болашақта өңірлер арасында электр энергиясының тарифтерін теңестіруді жүзеге асыру.

Бірыңғай сатып алушының моделін енгізу 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап жоспарланып отыр, - деп қорытындылады ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов.

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/564150?lang=kk

Жариялау күні: May 30, 2023